Текст
28.01.2026
2026 жылғы 26 қаңтарда «Қымбат маған өмірім!» атты бейнеролик-вайндар бойынша аудандық сырттай байқау өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың темекі шегу мен нашақорлықтың зияны туралы білімін тереңдету, электронды темекіні ерте жастан қолдану мәселесіне назар аудару, сондай-ақ өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайтуға саналы көзқарас қалыптастыру.
Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушысы Жанкобаев Санжар жүлделі ІІІ орынға 🥉 ие болды.
Санжарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

